Мұражай – тарихтың тірі куәсі

Кураторлық сағат аясында, 109 оқу топ курсанттарға ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырдым. Негізгі мақсаты: курсанттардың рухани мінез-құлықтарын дамыту, патриоттық және азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, шығармашылық және аналитикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру болып табылады.


Мұражай – тарихтың тірі куәсі. Қандай құжатқа көз салсаңыз да, ол кідірместен өзінің «тарихын» айтып береді. Ұсынылған ауқымды материалдар оқу орнының тарихын көрсетеді. Танымдық саяхат барысында, курсанттар біздің оқу орнымыздың  қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан бірінші басшыларымен танысты. 109-топ курсанттары Шырақбек Қабылбекұлына арналған экспозицияларға ерекше қызығушылық танытты. Курсанттар генералдың өмірі мен қызметі туралы көп білді. Ел алдындағы Ш.Қ.Қабылбаевтың үлкен еңбектерінің бірі еліміздің құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауда жоғары ведомстволық білімді құруына ғана емес, сондай-ақ,  милицияның мәртебесін көтеруге өз үлесін қосқаны мәңгі есте қалдырады.

Танымдық саяхат қызықты, тартымды болғанына, екінші курс курсантына Дуйсенова Дианаға алғысымызды білдіреміз.


Айта кету керек, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мұражайы жас ұрпақтың мәдени, адамгершілік және патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Танымдық саяхаттан кейін 109-топ курсанттары өздеріне ой үшін азық алып, тарихымен терең танысып, бір-бірімен пікір бөлісті.

109 оқу топтың жетекшісі,

полиция майоры Кинжебаева Л.