Палуандардың кезекті отырысы!

Ағымдағы жылдың қазан айының 3-і жұлдызында жауынгерлік және дене дайындағы кафедрасының «Палуан» ғылыми-зерттеу үйірмесінің кезекті отырысы өтті. Бүгінгі таңдағы ең басты сұрақтарды талқылап, бірауыздан шешімге келді.

Кафедра бастығы полиция подполковнигі Бағдат Каменұлы өткен ғылыми-практикалық олимпиаданың барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғысын білдірді. Кафедраның аға оқытушысы, полиция майоры Е. Қабидуллиновтың ұйымдастырушылық қабілетін атап өтіп, барлық қатысушыларға ғылыми бағыт бойынша жемісті жұмыс тіледі.

Отырыстың басты сұрақтарының бірінде ғылыми жетекшілері мен курсанттардың ғылыми жұмыс тақырыптарымен танысып, талқылап, оларды бекітті. Ғылыми жұмыстарды талқылау барысында кафедра қызметкерлері және курсанттар қазіргі таңдағы ішкі істер органдары саласындағы дене дайындығының өзекті мәселелері қарастырылды.

Өткен отырыстың тағы бір маңызды мәселесі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығы шеңберінде, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасымен 2018 жылдың 15 қазанында сағат 17.00-де «Скайп» бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен техникалық оқу құралдарын пайдалана отырып, онлайн режимінде «Жоғары оқу орындарындағы студенттер мен курсанттарды тәрбиелеудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Осыған байланысты, жоғарғы оқу орындарының дене дайындығы кафедрасының оқытушылары мен ғылыми-зерттеу үйірмесінің курсанттарын аталмыш ісшараға қатысуға ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы және Ресей Федерациясының Рязань қаласындағы жазаларды орындау қызыметінің академиясы, Вологда қаласының жазаларды орындау қызметінің құқық және экономика институты ниет білдірді.

ЖжДД кафедрасының

аға оқытушысы

полиция майоры

Е. Қабидуллинов