Кураторлар кеңесінің отырысы өтті

Оқу жылының басталуымен Кураторлар кеңесі де өз жұмысын бастады. Оқу жылының басында алғашқы отырысы өткізіліп, өткен оқу жылындағы кураторлық жұмыс қорытындыланды, алдағы оқу жылының жаңа жоспары талқыланды, Академия қабырғасын жаңадан аттаған курсанттарға топ кураторлары тағайындалды.

Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, полиция майоры Р.К. Аужанов топ кураторларына курсанттардың тәрбиесіне, тұрғын жайларына, сабаққа ынтасы мен бос уақыттарын дұрыс та пайдалы өткізуіне көңіл бөлулерін айтып өтті. Сондай-ақ, курсанттар спорт пен мәдени үйірмелерге де қатысулары қажеттігін еске салды.

Өз кезегінде топ кураторлары да алға қойған өздерінің міндеттері мен мақсаттарын айтып, өз ұсыныстарымен бөлісті.

А. Мұрат

Кураторлар кеңесі төрағасының орынбасары

полиция аға лейтенанты