«Ана тілі – рухани жаңғырудың негізі»

«Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы,

өсіп – өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі»

                           Жүсіпбек Аймаутов

 

2018 жылы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының № 1 дәріс залында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасымен күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттарының арасында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай «Ана тілі – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбы аясында зияткерлік ойыны өтті.

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Тіл, сөз дегеніміз – ата-бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал халықтың бүкіл сана-парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнер. Тіл – адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір-бірінсіз өмір сүрмейді. Қай халықтың болса басынан өткендері, қилы кезеңдері, өз ана тілі арқылы бір-біріне жалғасқан.

Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз, егеменді ел. Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан біздің достық үйіміз, ал ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы — біздің білім үйіміз.

Әділқазылар алқасы:

  1. Мемлекеттік – құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, з.ғ.к., доцент Сарықұлов Қ.Р.
  2. Білім сапасын мониторингілеу және бақылаумен бағалау бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Карабеков Қ.Ө.
  3. Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Смағұлов М.К.
  4. Тәрбие жұмысы бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Кишкентаев Е.

Ойын-сайысымыз бес кезеңнен өтті:

1 кезең «Қазақ халқының рәміздері»

2 кезең «Полиглот сайысы»

3 кезең «Сөз тапқандар»

4 кезең «Үш тұғырлы тіл»

5 кезең «Тіл — өнері»

Сайыс барысында курсанттар белсенді қатысып, өздерінің тіл аясында білімдерін жоғары дәрежеде көрсетті.


Ойын-викторинасына 5 команда қатысты: 1 команда «Достық», 2 команда «Ерекше», 3 команда «Туған тіл», 4 команда «Болашақ», 5 команда «Барыс».

Курсанттар ойын ішіндегі қойылған сұрақтарға ынталана жауап берді. Зияткерлік ойын курсанттар үшін өте қызықты, көңілді және мазмұнды өтті.

Әділқазы алқаларының қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломмен «Достық» командасы, 2 дәрежелі дипломмен «Ерекше» командасы, 3 дәрежелі дипломмен «Туған тіл» командасы, белсенді қатысқаны үшін  «Болашақ» командасы грамотамен, «Барыс» командасы сенртификатпен марапатталды.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы, полиция майоры

Ақылбекова А.Б.