« Қазақ тілінің кириллицадан латиницаға кезеңмен көшуі туралы: тәжірибесі және келешегі»

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі болып аталады. Соған байланысты, 2018 жылдың 20 қыркүйегінде ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерімен « Қазақ тілінің кириллицадан латиницаға кезеңмен көшуі туралы: тәжірибесі және келешегі»  атты дөңгелек үстелі өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында келесі тақырыптар бойынша мәселелер қарастырылды: Бөлім бастығы, полиция подполковнигі А.Н. Табулденов «Қазақ әліпби эволюциясының тарихи аспектісі», бөлімнің аға ғылыми қызметкері, полиция майоры К.А. Сарсенова «Латын әліпбиіне көшу: бәсекеге қабілеттілік және елдің қауіпсіздігі», бөлімнің аға ғылыми қызметкері, полиция майоры Н.Ж. Ибраева «Латын әліпбиі – уақыт талабы», бөлімнің ғылыми қызметкері, полиция аға лейтенанты Р.Қ. Байдильдина «Латын графикасына көшудің экономикалық аспектісі», бөлімнің редакторы Г.С. Садвакасова «Латын әліпбиіне көшудің басталуын дайындау туралы»

Мақалада алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізу бойынша негізгі бағыттар көзделді. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжыуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркіндеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ деп ойлаймыз.

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа

жұмысын ұйымдастыру бөлімі