АКАДЕМИЯНЫҢ ЖАС КУРСАНТТАРЫ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

2018 жылдың 22 қыркүйегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бірінші курс курсанттары үшін ерекше салтанатты күн болды. Олар Қазақстан халқына адал болу үшін ант қабылдады.

Ант қабылдау – бұл біздің курсанттарымызға ерекше қастерлі рәсім, өйткені, Қазақстан халқына адал болу үшін ант қабылдауы ішкі істер органдарының қызметкері болғанды білдіреді. Сонымен қатар, таңдаған мамандықтың маңызын, қоғам жүктеген жауапкершілікті жүрекпен сезіне білу қажет.



Сонымен қатар, ант қабылдау барысында бірінші курс курсанттарына ішкі істер органдарының қызметкері екенін  ресми белгілейтін жеке куәлігі берілді.

Академия бастығы полиция генерал-майоры М. Қызылов: «Бүгін Сіздер кәсіби мансаптың бастау алар сәтінде тұрсыңдар. Сендер Академияға оқуға түсіп, нағыз офицер болу жолындағы бастапқы әрі өте маңызды белестен өттіңдер. Бірінші жыл – Сіздердің ішкі істер органдарының болашақ офицерлері ретінде табысқа жетулеріңді анықтауда шешуші жыл екені естеріңде болсын! Өздеріңнің болашақ қызметтеріңе қажет білімнің, берік іргетасын қалайтын барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалана біліңдер!» — деген тілегін айтты.

Айтулы іс-шараға Қостанай облысының Ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Укин және Академияның Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Мукажанова шақырылып, ант қабылдаған бірінші курс курсанттарын құттықтады.

Еліміздің барлық облыстарынан келген ата-аналарға Академия курсантарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама барысында біздің спортпен айналысатын курсанттар өздерінің қоян-қолтық күресі және музыкалық аспаптарда ойнау бойынша шеберліктерін көрсетті.



Салтанатты іс-шараның соңында Академия бастығы полиция генерал-майоры М. Қызылов бірінші курс курсанттарының ата –аналарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ата –аналардың Академия басшылығына өзекті сұрақтарын қоюға мүмкіндігі болды.



Сонымен қатар, бірінші курстың бастығы полиция майоры М. Мурзагалеев пен тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Р. Аужанов,  күндізгі оқыту факультетінің бастығы полиция полковнигі Г. Кульжанова курсанттардың ата-аналарын Академияның күн тәртібімен таныстырды.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция аға лейтенанты Д. Альжанова