1 курс курсанттарының Ант қабылдау рәсімі

Ант қабылдау – бұл Ішкі істер органдарының қатарына қабылданған әрбір азаматтың өміріндегі маңызды қадамдарының бірі болып табылады. Сонымен қатар олардың  Отанға, халыққа, өзінің мемлекет алдындағы борышына адалдығын білдіретін серті. Ант қабылдай отырып, азаматтар ең жоғары және ардақты міндеттеме алады.

1 курс курсанттарының Ант қабылдау құрметіне арналған салтанатты рәсім ағымдағы жылдың 22 жұлдызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай акдемиясының саптық алаңында ұйымдастырылып өткізілді. Салтанатты рәсімге Академия басшылығы,  Қостанай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Укин Кенжебек Үкіұлы, Академия ардагерлер кеңесінің төрайымы отставкадағы полковник Мұқажанова Бисұлу Бигазқызы, Академияның жеке және ауыспалы құрамы және еліміздің әр аймақтарынан жиналған курсанттардың ата-аналары қатысты.

Салтанатты іс-шара үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалуымен ашылды. Іс-шара басында Академия бастығы полиция генерал-майоры Қызылов Мирлан Ахмедияұлы Академия бастығының көмекшісі полиция подполковнигі А.Б. Күсеубаевқа «Ант қабылдау» рәсімін бастау жайлы бұйырды. 1 курс курсанттары қасиетті Антты қабылдаған соң, Академия бастығы оларды шын жүректен құттықтап, ендігі кезекте Ішкі істер органдарының қатарына қосылған курсанттарды әскери тәртіп пен заңдылықты сақтау қажеттілігін, маңыздылығын, олардың алдағы уақыттағы қызметтік міндеттерін, қабылдаған Анттарына адал әрі берік болулары жайлы айтып кетті. 1 курс курсанттары ата-аналарының атынан Академия басшылығына алғыс білдірілді. Жиналған қауым назарына Академияның белсенді курсанттарының тарапынан өнерлері көрсетіліп жатты. Яғни, аталмыш іс-шара барысында көрермен назарына 2 курс курсанттарының орындауында хор Академия әнұраны шырқалып, сондай-ақ Академия дабылшы қыздары мен карабиншілерінің өнерлері, Академия спортшыларының спорттық және жауынгерлік көрнекі көріністері ұсынылды.

Осылайша Ант қабылдау рәсіміне Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қонақтарды Академиямыздың өнерлі курсанттары өздерінің шеберліктерімен, кәсіпқойлықтарымен және де үйлесімділіктерімен көрермен көз айымына айналып, қадірменді қонақтарымызды таң қалдыра білді. Ал, Ішкі істер органдарының қатарына қосылған 1 курс курсанттары үшін бұл күн ерекше күн болып табылмақ, әрі әрбір курсанттың мәңгілікке есінде сақталып қалатыны сөзсіз.

Академия курсанттар баспасөз қызметі

полиция қатарындағы

Э. Канатчина

ПРИСЯГА – СТАРТ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КАРЬЕРЫ СОТРУДНИКА

 

Торжественные фанфары, пристальные взгляды наставников и родителей…. С замиранием сердца несколько сотен курсантов следят за тем, как почетный караул выносит знамя Академии. С этого началась присяга….

Сегодня, 22 сентября на плацу Костанайской академии Министерства внутренних дел Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева  состоялась присяга курсантов 1 курса. Сегодня они стали носить гордое звание КУРСАНТ. Сегодня они стали сотрудниками Органов внутренних дел. Присягу приняли более 200 юношей и девушек. Они готовились к этому событию в течении месяца: несколько часов без остановки маршировали на плацу и  заучивали слова присяги.

Со знаменательным праздником курсантов поздравили председатель областного совета ветеранов Укин Кенжибек Укинович, председатель совета ветеранов Академии Мукажанова Бисулу Бигазовна. Лично курсантов поздравил начальник Академии генерал-майор полиции Кызылов Мирлан Ахмедиевич. Как сказал Укин Кенжибек Укинович, мы надеемся, что вы станете достойными курсантами, а в дальнейшем и офицерами, и будете с гордостью носить звание офицер Республики Казахстан. Кызылов Мирлан Ахмедиевич отметил, что курсанты находятся только на старте профессиональной карьеры. Он пожелал курсантам с честью пройти все испытания, выдержать напряженные учебные семестры и экзаменационные сессии, и стать достойными офицерами и настоящими профессионалами органов внутренних дел.

Для родителей, приехавших со всех уголков нашей Родины, посмотреть на своих детей, была показана концертная программа, которую подготовили курсанты академии. В ходе программы курсанты показали свои навыки в рукопашном бою, искусное владение музыкальными инструментами, прекрасную строевую выучку, спортсмены показали свои физические способности. Безусловно, все, что было представлено на концертной программе, порадовало всех присутствовавших.

По окончанию торжественных мероприятий на территории спортивного комплекса Академии прошла встреча руководства с родителями, где еще раз был доведен порядок прохождения службы и обучения курсантов, даны ответы на вопросы родителей первокурсников.

Пресс-служба курсантов Академии

курсант 2-го курса, рядовой полиции

Гареева Камила