Жайдарман, жарасым маусымы 2018!

Ағымдағы жылдың 20-қыркүйек күні, Қостанай қаласы «Мирас» мәдениет үйінде Қазақстан КВН одағының Қостанай облысы Жайдарман филиалының ұйымдастыруымен «Жайдарман» ойындарының маусымашар фестивалі болып өтті. Аталмыш фестиваль аясында барлығы 18 топ сахнаға шығып өзінің сүйікті командаларына қолдау көрсеткелі келген халықтың көңілінен шығуға тырысты. Қостанай академиясының атынан өнер көрсеткен  «Ішкі істер құрамасы» жайдарман тобы ойынға ерекше сән беріп тұрды. Жайдарман сахнасына бір жыл үзілістен кейін оралған біздің топ өздерінің бабында екенін көрсетіп, сапалы да салмақты әзілдерімен ерекше көзге түсті. «Академияның ұраны Міндет, Абырой, Ерлік. Біз өз міндетімізді жете түсініп, Академияның абыройы үшін сахнаға шығып ерлік көрсетудеміз» деген сөздермен өз ойынын аяқтаған  «Ішкі істер құрамасы» фестиваль қорытындысы бойынша Қостанай облыстық ашық лигасына жолдама алды.

КОФ 4-курс курсанты

полиция сержанты Д. Сарымолда