«Ал екінші бақытым – Тілім менің»

«…. Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім».

М. Мақатаев

Тұғыры биік туған тілін құрметтемейтін жан жоқ. Әр халықтың туған тілі — байлығы. Басқа тілдің бәрін білсең де, өз тілің құрметті. Туған елінде өмір сүріп, туған тілін қадірлей білген азамат — ең бақытты азамат!

Әр жыл сайын Қазақстан Республикасының тілдер күні мерекесі біздің Академияда да аталып өтіледі. Аталған мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар өткізіліп, мерекеленеді.


Қыркүйек айының 21 жұлдызында қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының ұйымдастырумен тіл тақырыбында «Ой мен ойын» сайысы өткізілді. Сайысқа 2-3 курс курсанттарынан құралған екі команда қатысты. Сайыс 3 турдан тұрды: 1 тур «сұрақ-жауап», 2 тур – «білімді мыңды жығады, білекті мыңды жығады», 3 тур – «хронология».

Өзара бәйгеге түскен екі команда бір-бірінен қалыспауға тырысты, өз білімдерін, есте сақтау қабілеттерін көрсетті.

Сайыс болған соң жеңіс те бар, жеңіліс те бар. Екі курс арасында 2 курс өз тапқырлықтарымен, білімдерімен алға шығып, жеңіске жетті.


Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы

және криминология кафедрасы