Нақыл сөз — ақыл істің бастамасы

Нақыл сөз — аз сөзбен көп мағына беретін қыска-қысқа кең мағыналы сөздер. Бұл дана тұлғалардың өмірді бақылай келіп айтқан үлкен ой, терең пікірлердің жиынтығы және тәжірибе жемісі.

Ащы мен тұщы, алыс пен жуық, жақсы мен жаман — осы сияқты өмірдің әртүрлі жақтарын елегінен өткізіп, өмірдегі әр алуан құбылыс, іс әрекеттерді бақылап, сынай келе, «қатесіз», өмірде тап солай болатындығына көздерін жеткізу мақсатында, КОФ 4 курс 402 және 408 оқу тобындағы кураторлық сағатты «Нақыл сөз – ақыл істің бастамасы» атты тақырыппен бастау алды. Кураторлық сағаттың басты жоспары тәрбие ошағының төрінде тұрған нақыл сөздерді талдау және өз пікірі бойынша қорытынды шығару болды. Осыған байланысты өміріміздегі тәжірибеміздегі басты орын алатын келесі нақыл сөздерді сараптап, талдадық:

«Егер жақсы өмір сүргің келсе жақсы адам ізде, ал жақсы адам тапқын келсе жақсы сөйлеп, жақсылық жаса»;

«Жақсы адам қателессе қатесінен сабақ алады, жаман адам қателессе өзгеден өш алады»;

«Сиыр сүзеді, жылқы тебеді, ит тістейді ал адам осының бәрін істей алады»;

«Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек».

Қорытындылай келе, кураторлық сағат соңында курсанттар өз ойларын білдіріп, қазақтың әр нақыл сөзінде терең астарлы ой жатқаны туралы  пікірлерін ортаға салды.

402 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

408 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева