Теория  тәжірибеде жалғасын тапты

Дәріс сабақ барысында алынған теориялық білімді тәжірибемен бекіту курсанттардың алған білімдерін нығайтуға, болашақ қызметтерін тәжірибе жүзінде көруге, танысуға мүмкіндік береді. Ол үшін дәріс сабақтардың жалғасы тәжірибелік сабақтар тәжірибелік қызметкерлердің қатысуымен өткізіледі, ҚАЖ мекемелеріне тәжірибелік шығу сабақтары өткізіледі.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасымен  «Қылмыстық-атқару құқығы» пәні аясындағы «Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды ұстауды құқықтық реттеу» бойынша дәріс сабақтарының қорытындысы ретінде өткізілген тәжірибелік сабақтарға тәжірибелік қызметкерлер – біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушылары: Академия түлегі, Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/4 мекемесі бақылау қызметі бөлімі бастығының орынбасары, әділет аға лейтенанты, М. Оразбаков пен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/1 мекемесі бақылау қызметі бөлімінің аға бақылаушысы, әділет старшинасы Б. Искаков қатысты. Тәжірибелік қызметкерлер курсанттармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, тақырыпқа байланысты күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды ұстауға қатысты ақпаратпен бөлісті.  Сонымен қатар, курсанттарды қызықтырған барлық сұрақтарға толық және нақты жауап берді.


Аталған тақырыпты қорытындылау ретінде 20 қыркүйекте Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/1 мекемесіне шығу сабағы ұйымдастырылды. Аталған мекемеде курсанттар мекеменің тақырыпқа қатысты қызметімен танысты. Мекеме қызметкерлері  режим және күзет бөлімі бастығы әділет майоры Койшин М.С және режим және күзет бөлімі бастығының орынбасары әділет капитаны Химич Д.О курсанттарды күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды ұстау тәртібімен, шарттарымен, ішкі тәртіп ережелерімен және т.б. таныстырды.

Курсанттар мекеме қызметкерлері мен тәжірибелік қызметкерлерге өткізілген қызықты тәжірибе сабақтары үшін алғыстарын білдірді.

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы,

полиция аға лейтенанты

 А. Мұрат