«Туған жерім-тұғырым, туған тілім-ғұмырым» атты кітап көрмесі

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі, қазақ халқының ана тілі.

Тіл қай елде болсын, ұлтта болсын қасиетті, қадірлі.

Қазақ тілі — халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра.

2018 жылдың 20 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жалпы кітапханасының оқу залында Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесіне орай «Туған жерім-тұғырым, туған тілім-ғұмырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты — курсанттарға ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету,  мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, кітапты оқуға тарту, оқу мәдениетін арттыру, қазақстандық патриотизмді нығайту.

 Кітапханашы Галина Алексеевна Михайловская курсанттарға көрмеге қойылған тілдер туралы заңнамалар, заңгерлерге, ішкі істер органдары қызметкерлеріне, мемлекеттік тілді үйренуге арналған қазақ тілі оқулықтары, электрондық сөздіктер мен газет, журналдарда жарияланған мақалалар жөнінде толық мағлұматтар беріп, тілдің маңыздылығына тоқталып, тіл туралы мақал-мәтелдер, атақты ғұламалардың айтқандарымен ой бөлісіп, әсерлі де көрнекті етіп әңгімелеп берді.

Қазақтың біртуар даңқты  ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тіл байлығы, тіл тазалығы — ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі  өнегесі, нағыз белгісі» — деп айтқандай, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстайық, ағайын!

 

    Кітапхана меңгерушісі

Сания Қайрашқызы Жиентаева