ЛАТЫН ӘЛІПБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕРКІНДІККЕ ШЫҒАРАДЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты және біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан Халықтарының Тілдер Күні» мерекесіне арналған «Латын әліпби қазақ тілін еркіндікке шығарады» тақырыбы бойынша 2018 жылғы 14 қыркүйекте ғылыми және педагогикалық магистратурасының оқытушы-әдіскерлері және 1, 2-курс магистрант-тарының, біліктілігін арттыру курсы тыңдаушыларының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Облыстық Тілдерді үйрету орталығы директорының орынбасары  Талапова Гүлнар Маратқызы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының тілдерді дамыту тобының бастығы Елмұратов Құрбанәлі Сегізбайұлы шақырылды.

Гүлнар Маратқызы латын әліпбиіне көшу туралы айтты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамын. Оған дәлел, бастауыш буыннан бастап тілдің үш тұғырлығының басымдығының бастау алуы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз— қорқақ, қол—батыр», — деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық — деді!

Тілдерді дамыту тобының бастығы Елмұратов Құрбанәлі Сегізбайұлы: Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

Магистранттарға, біліктілігін арттыру курс тыңдаушыларына кездесу ұнады.

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.



                                                           Магистратураның оқытушы — әдіскері

                                                            полиция майоры  Мереке Ғалиева