4 – курс курсанттары Орыс драмтеатрында

Қазақстан Республиксы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4 – курс курсанттары   12 – ші қыркүйек күні қала  орталығында орналасқан Орыс драмтеатрына  барып, керемет спектальдің куәсі болып қайтты.

Спектакль қызметтік борыштарын өтеу барысында ерлік көрсеткен полиция қызметкерлері жайында болды. Әуелі бірнеше бейнероликтерді көрермендерге ұсынып, артынан көріністермен жалғасын  тапты.

Көрініс соңы,  2011 жылғы 12 қарашадағы Тараз қаласында террористерді құрықтау барысында ерлікпен қаза тапқан «Халық қаһарманы» полиция қызметкері Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов жайындағы көрініспен әсерлі, рухты көңіл – күйде аяқталды. Алған әсерден залда отырған курсанттар аяқтарына тік тұрып қошемет көрсетті.

4 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан