Спорт күні

Спорт — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральды  қанағаттану үшін, өзін – өзі дамытумен шұғылданады. Спортпен айналысқан адамның  денсаулығы әрқашанда шымырлы, әрі шыдамды болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2030» стратегиясында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім мен қатар спорт жағы да жақсы дамыған. Арайы спорт түрлерінен бөлек  4- курс күн тәртібінде курсанттарды салауатты өмір салтына ынталандыруда  ісшара өтеді. Әр сенбі күндері курсанттар спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанады. Біз курсант болғандықтан, туған жеріміздің қорғаушылары ретінде кез келген қиыншылықтарға   дайын болуымыз қажет!


Академия курсанттарының баспасөз қызметі

полиция катарындағы

Б.Советов