Жаңа оқу жылындағы 2 курс курсанттары

Академияның оқу бөлімінің басшылығы мен 2 курстың басшылығының келісімен кезекті 1 курсты қорытындылау емтиханыннан курсанттардың барлығы, яғни 246 курсант осы уақытқа дейінгі емтиханнан сүрінбей өтіп, 2 курсқа қадам басты..

Қадірлеп бағаламас жақсыны кім

Түн болса таң арайлап атты күнім.

Өтсе де қанша уақыт, қанша ғасыр

Жасаған өшпес мәңгі жақсылығың.

Болашақ елге қызмет басты арманым

Қуанар күн арайын шашқанда мың,

Ертеңгі міндетім деп мойнымдағы,

Паразым деп бастап кеттім баспалдағын

Көзді ашып жұмғанша 1 курсты сәтті де, жемісті аяқтағанымды өлең жолдарымен жеткізгім келді. Ата-анамыздан алысқа кетіп, жырақта жүріп өмірдің ағы мен қарасын көріп, соның ішінде әскери өмірге қадам басып келеміз. Әскери өмірді бұрын сонды бастан өткізіп көрмесекте, арман мен мақсаттың жетегінде барлық қиындыққа шыдамдылықпен қарсы тұрудамыз. Алдағы мақсатымыз бізден кейінгі курсанттарға үлгі болу, бұл дегеніміз тек жақсы қырынан тәртібімізбен, өнерімізбен және соған қоса жан-жақтылығымызбен. Жылдың төрт мезгілін бірге, тату, дос болып өткіздік. Бейтаныс болып кездесіп, дос болып өмір сүріп, Академия шаңырағының астында білім алып журміз. Осы бір жыл 2 курс курсанттары үшін естен кетпес естеліктерге толы. Үлкенге қарап жол түзе демекші, курсант болып келіп, офицер болып кеткен аға-апаларымыздың жолын берсін. Спорттан да, білімнен де, өнерден де алдаға суырып, сен тұр мен атайын деген ұл-қыздардан жиналған курсанттар Академияда біраз сайыстарда жүлдеге иеленді. Курсанттардың жеткен жетістіктері ауыз толдырып айтуға болады. 1 жылдық еңбегімізден үзінді:

Қазақтың ұлттық ойындарынан облыс құрамында: Бекуыс Берік пен Сейтмаханбет Рахат;

Академияның жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасынан облыс құрамында: Сейтмаханбет Р., Бәшір Ғ., Сарымсақов Т., Әшім Н,, Галимов А., Сағатов А., Мылтықбаев А., Полукеева В., Әділқан М., Максетова Г., Льсенка С., Ахметова А., Исмагулова Т.;

Дебат клубтарында облыс құрамында: Алмапек Б., Сәрсенәлі Р., Баймуханов Д., Борамбаев А., Максудов А., Кусаинова А., Отарбек М., Ахметова А., Жексентай Ж., Бекмухан А., Ибрагим А., Ильдарова А.;

Қазақтың ұлттық аспаптарында ойнаудан облыс құрамында : Сәрсенәлі Р., Қажығалиханов Қ., Сұлтанова Г., Нуркушова М.;

Курсанттардың баспасөз қызметі құрамында: Алмабек Б., Ерболат Л., Максетова Г., Кусаинова А., Талғатқызы Д., Гареева К.;

Осындай жетістікке жетуге курсанттар мен бірге Академия басшылығы және курс басшылығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарының тынбай еңбектенгенінінің нәтижесі деп ұғады курсанттар.  «Курсантов стоит уважать хотя бы за то, что они отдают Родине самое ценное- свою молодость», деп Сталин өз өмірінде курсанттар туралы пікір айтып кеткенді, жастық шақтың от болып лаулап тұрған кездерін Академияда өткізіп жатырмыз, иә біреуге әбестік көрінер, бірақ біз үшін мақтаныш, ата- ананың мақтанышы, Отан үшін отқа түс жанбайсың дегендей, отқа түсіп алған әсерімізді тек курсанттар мен курсант болғандар ғана біледі.

Академия бастығы мен басшылықтың орынбасарларына және 2 курс бастығы мен басшылық орынбасарларға айтар алғысымыз зор. Арбаның басы қайда бұрылса, жүгі сонда ауады, демек, біздің жеткен жетістігіміз бастықтардың басып озған ізінің қалдығы десек болады. Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер деген атам қазақ, қазіргі уақытта біздің атамыз да анамызда Академия басшысы мен басшылығы. Академияға тілер тілегіміз, осы жеткен жетістіктері тек бастамасы болсын.

                               2 курстың тәрбие жөніндегі орынбасары

                               полиция аға лейтенанты

                               Кабылдин М.О.

                               Курсанттар баспасөз қызметінің құрамындағы

                               полиция қатарындағы

                               Мақсетова Гүлнұр