Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасында «Шериф» ғылыми үйірмесінің отырысы өтті

2018 жылы 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасында «Шериф» ғылыми үйірмесінің отырысы өтті. Отырыс барысында үйірмеге жаңадан келген 2 курс курсанттары ғылыми үйірме туралы Ережесімен танысты. Сонымен қоса, курсанттарға ғылыми хабарламалардың тақырыптары ұсынылды, кафедра оқытушылары ғылыми жетекшілері болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы БҒМ және ІІМ конкурстарына қатысу үшін курсанттармен ғылыми баяндамаларды уақыттылы және сапалы түрде дайындау бойынша жұмыс жүргізілді.

 

 

Әкімшілік құқық пен әкімшілік

қызмет кафедрасының бастығы

полиция майоры А. Смышляев