Академияда «StreetWorkout»  спорт түрі бойынша оқу-жаттығулары өткізілді.

Саламатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында қолжетімді «StreetWorkout»  спорт түрін дамыту мақсатында, 2018 жылдың 6 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай  академиясына Қазақстан Республикасының «StreetWorkout» Бас жаттықтырушы Айтым Жакупов және Астана қаласының «BarsBars» командасы   «StreetWorkout»  спорт түрі бойынша әртүрлі оқу-жаттығуларын оқу ордасының курсанттарына көрсетті.


Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов: «Қазақстан Республикасының «StreetWorkout»  Бас жаттықтырушы Айтым Жакупов және Астана қаласының «BarsBars» командасы міне, бүгін Қостанай қаласына  «StreetWorkout»  спорт түрінің алаңын ашу іссапарына, сонымен қатар біздің жастарымызды спортқа тарту, оған деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында келді. Біздің, оқу ордамызда «StreetWorkout»  спорт түрімен денелерін шынықтырып жүрген бірталай қыздарымыз бен ұлдарымыз бар. Оған дәлел, жақын арада  Астананың төрінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек  Мұхамедиұлының қолдауымен республикалық «StreetWorkout KZ» спорттық конкурсқа қатысып, республикамыздың түкпір-түкпірінен келген аталмыш үміткерлердің ішінде  оқу ордамызда   «StreetWorkout KZ» спорттық шараға жауапты, әрі жаттықтырушы полиция капитаны Аян Шаймұханов Министрдің алғыс хатын иеленді. Біз үшін бұл, үлкен жетістік!


«Елбасының қанатты сөзімен айтқанда «білімді, денсаулығы жақсы адам ғана жеңіске жетеді» дегендей, барлығымыз оқу ордасында білім нәрін иеленіп жүрген курсанттардың бойларында күш – қайрат, қуат-жігер, төзімділік пен шыдамдылықты  қалыптастырып, болашақта полиция қызметкерлерінің Отанын, туған жерін қорғау мақсатында, оларды рухани тәрбиелеуіміз қажет».


Спорттық іс — шара барысында Қазақстан Республикасының «StreetWorkout»  Бас жаттықтырушы Айтым Жакупов және Астана қаласының «BarsBars» командасы, оқу ордасының «StreetWorkout»  спорттық іс- шарасына жауапты, әрі жаттықтырушы полиция капитаны Аян Шаймұхановтың бастауымен курсанттар әртүрлі оқу – жаттығуларын барша курсанттарға көрсетті.



Іс — шара соңында, «Қазақстан Республикасының «StreetWorkout»  Бас жаттықтырушы Айтым Жакупов Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры  Мирлан Қызыловқа алғысын білдірді. Бүгінгі таңда, «StreetWorkout» спорт түрі әлемге танымал және күннен-күнге осы спортқа баулып, қызығып, жаттығып жүрген жастарымыздың саны да көбейіп жатыр. Осы спорт түрі бойынша талай жастарымыз жеңіске жетіп жүлделі орындар иеленіп жатыр, бұл біз үшін, қуаныш және біздің жетістіктеріміз, деп сөзін аяқтады».

Қорытындылай келе,  Біздің ата — бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Сондықтан спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін ұмытпауымыз қажет. Болашақ жастарымыз спортпен шұғылданып, денелерін шынықтырып, спорт жағынан жеңіске жетіп, белестерге жете берсе нұр үстіне нұр жауар!.



Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы