Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының «ізкезуші» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті

2018 жылы 06 қыркүйегінде Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының «Ізкезуші» ғылыми үйірмесінің 2018-2019 жылына арналған жоспарына сәйкес бірінші отырысы болып өтті. «Ізкезуші» Ғылыми үйірмесінің бірінші отырысында келесі сұрақтар қарастырылған болатын:

  • Ғылыми үйірмеге қатысуға ниет білдірген курсанттарды талқылау және ғылыми үйірмеге қатысатын курсанттардың тізімін бекіту;
  • Ғылыми үйірмеге қатысатын курсанттардың қатарынан жетекші төрағаны сайлау;
  • Ғылыми үйірмеге қатысатын курсанттардың қатарынан үйірменің хатшысын сайлау;
  • Ғылыми үйірмеге қатысатын курсанттарға кафедраның профессорлық-оқытушы құрамынан ғылыми жетекшілікті бекіту;
  • Үйірмеге 2018-2019 жылдарда зерттеуге бағытталған маңызды тақырыптардың тізімін талқылау.

Ғылыми үйірменің 2017-2018 оқу жылындағы мүшелері ары қарай қатусуға ниеттерін білдіріп, үйірмеге жаңадан қатысуға ниет білдірген 3 курс курсанттарын жылы қарсы алды. Үйірмеге жаңадан қатысуға ниет білдірген күндізгі оқыту факультетінің 3 курсанты және бекітуге жалпы тізімі 33 қатысушы болатыны анықталды.

2018-2019 оқу жылында ғылыми үйірменің жаңа жетекшісін 3 курс курсанттары қатарынан тағайындауды және бұрынғы төраға 4 курс курсанты Мухаметханов Бағнурдың орнына жаңа төраға ретінде 3 курс 302 топ курсанты Қуанышбек Қазына сайланды. Үйірменің хатшысының міндетін атқарушы болып 3 курс 309 топ курсанты Алимбаева Мейіргуль сайланды.

Үйірмеге қатысушылардың кафедраның профессорлық оқытушы құрамдардың жетекшіліктерінде болуы қажет екенін және ғылыми тақырыптарды таңдаудың маңыздылығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  «Ізкезуші» ғылыми үйірменің қатысушылары жаңадан келген қатысушыларға өздерінің көмек берулерін айтып, олардың ғылыми үйірмеге келгенін жақсы қарсы алып өтті. Отырыстың соңында ғылыми үйірменің жетістіктерін еске алдық. Яғни, 3 курс курсанты кафедраның аға оқытышысы полиция майоры Е.Кайнардың жетекшілігімен Н.Сүндет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Б. Бисенкуловтың атынан ең үздік ғылыми жұмыс сайысы бойынша III дәрежелі дипломды иеленген болатын. Соңында ғылыми үйірмеге қатысушыларға қазан айының бірінші сәрсенбісіне дейін ғылыми мақалаларын дайындауды тапсырылды.

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры Е.Е. Кайнар