ЕСТЕ ҚАЛАР АЙТУЛЫ ІС-ШАРА!

Отан қорғау –жауапты да, қастерлі нәрсе. Бұл іспен екінің бірі айналыспасы анық. Туған жерге деген үлкен махаббат, біздің яғни, курсанттардың қиындықтарын ұмыттырып, алға қанат бітіреді. Бүгін оқу-дала лагерінде курс басшылығының айтуымен, тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері қатысқан концерттік бағдарлама өткізілді. Айтулы іс-шара «жас жауынгер» оқу-дала лагерінде ең алғаш рет өткізіліп отыр.

Концерттік бағдарлама барысында патриоттық әндермен қоса, жүрекке тиетін, сағынышымызды арттыратын әндер айтылды. Ең бастысы курсанттар өздерінің болашақ қастерлі істің маманы екендеріне мақтанып, жауынгерлік рух пен, елге деген ыстық сезімді сезіне алды. Тәрбиелік жағынан терең мағыналы әндер, жас отан қорғаушының өзіне деген сенімін арттырды. Кей жерінде көзімізге жас алып, сезімге ерік бердік.



Менің бұл іс-шарадан алған әсерім сөзбен айтып жеткіліксіз. Осы мамандықты тандап, осы жерге келгеніме, және осындай талантты тұлғалардың ортасында оқитыныма шексіз қуаныштымын, әрі мақтанышпен айта аламын. Жақсылыққа жетелейтін, патриоттық сезімдердің жаршысы бола білген, бойымызға жігер-күш берген курс басшылығына және тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлеріне алғысымызды айтамыз.

Қорытындылай келе, алған әсерімнің түйіні ретінде ойымды төрт жол өлеңмен аяқтағым келеді.

Біз курсантпыз қорқынышты білмейтін,

Қазақ десе қуаныш бой кернейтін.

Біз курсантпыз бір қазаққа тас тисе,

Көз жастары өзен болып көлдейтін.

Өз елінен басқаларды көрмейтін!

1 курс курсанты

полиция қатарындағы

Аида Бакбаева