Құрастырдық сұлу футбол алаңын!

Денсаулық-адам өмірінің кепілі, жарқын болашағынын бастауы.Оның ішінде, біз сияқты отан қорғаушылар үшін ең маңызды! Денсаулықтың мықты болуы үшін, спортпен айналысып, бар жан-тәніңмен алға мақсат қоя отырып, тырысуың қажет. Міне, сол себепті біздің алтындай курсанттарымыздың денсаулығы мықты болуы үшін Академия басшылығы бізге бар мүмкіндікті жасап отыр. Мүмкіндік жасай отырып, еңбек етуді, бір-бірімізбен достаса, жұмылып жұмыс жасауды, содай-ақ басқа елдің азаматтарын шеттетпей, оларға да қамқор болуды үйретуде. Айтар болсақ Тәжік елінің азаматы Юнусджони Махмодназар футбол алаңдарын құрастырып, қазақ елінің курсанттарымен етене араласып, бір үйдің баласындай қызмет етіп жүр.


Біз оқу-дала лагерін өз үйіміздей сезініп, құрастыру  жұмыстарымен айналысып, оның жанындағы футбол алаңын өз қолымызбен жасап шығып, және басқа да жұмыстарды атқара отырып, еңбек ұғымын кеңінен түсінген секілдіміз. Ой зердемізді арттырып, санамызға сана қосып, ми жұмыстарын дамытып көк аспанның астында қызықты еңбектену-ең алдымен біздің үйге деген сағынышымызды басып, естен кетпес естеліктерге айналары сөзсіз. Жақын арада лагерімізде футбол ойындарынан және тағы да басқа спорт түрлерінен жарыстар болмақ.


Осының барлығын қолға алып, бізге жағдай жасаған Академия бастығы көмекшісінің міндетін атқарушы А.Б.Кусеубаев мырзаға алғысымызды білдіреміз.Мен өз ойымды мына  өлең  жолдарымен  аяқтағым келеді.

Біз курсанттар отан үшін адалмыз,

Біз курсанттар шымыр жүректі адамбыз.

Біз курсанттар әділдікті ту етіп,

Бейбітшілікті мәңгі ұстап қаламыз.

Отан қымбат,Отан жақұт,Отан жыр

Отанына қызмет етпес адам құл

Отан жалын, жылу берген әрқашан

Отан тау-тас, маңдайыңа біткен бағың бұл.

Дамытамыз ой жұмысын,сананы.

Үйренеміз әрқашанда жаңаны,

Есік ашып,жаңа әлем тұтқасын,

Құрастырдық сұлу футбол алаңын.

1 курс курсанты Бакбаева Аида