Қыздар 1000 метрлік, ұлдар 3000 метрлік қашықтықта сынақ тапсыруда

2018 жылғы 22 шілде күні Академияның стадионында оқуға қабылданып жатқан талапкерлер  спорттық сынақтарды тапсыруды жалғастыруда. Ұлдар 100 метр, турникке тартылу, 3000 метрлік қашықтықта жүгіру, ал қыздар 100 метр, кешенді күш жинағынан, 1000 метрлік қашықтықта сынақ тапсыруды бастады.

Талапкерлер қолдарынан келгенше спорттық сынақтардан сүрінбей өтуге тырып бағуда.

1000-3000 метрлік қашықтықта жүгіру кезінде Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов өзі келіп, жас талапкерлерге сәттілік тілеп, мәреге толықтай жетулеріне тілектестік білдірді. Үміткерлерде генерал мырзаның ақ батасынан күш алып, қолдарынан келгенше жақсы бағаға тапсыруға сөз берді.

Ал ертең сынақ тапсырудың соңғы күні болып табылады.




Академияның баспасөз қызметі