Қостанай академиясында сотталғандармен телогиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша семинар өтуде

2018 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, діни экстремизмге қарсы күрестің өзектілігіне байланысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандар арасындағы теологиялық оңалту мәселелері бойынша аумақтық семинар-тренингі өтіп жатыр.

Семинарға Солтүстік өңір, яғни Қостанай, Ақмола,
Солтүстік Қазақстан және Қараганда облыстарының Теологиялық сауаттандыру жұмысын ұйымдастыру бөлімдерінің қызметкерлері мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психологтар, ҚАЖ қызметкерлері, Қостанай академиясының ғалымдары және Астана қаласынан арнайы келген қонақтар қатысуда.

Семинардың ашылу салтанатында Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Академия бастығы өз құттықтауында;

«- Құрметті офицер мырзалар, семинарға қатысушылар, қонақтар!

XXI ғасыр – жаһандық рухани геостратегиялық кеңістіктегі ділдер арасындағы тайталас кезеңі. Адамзаттың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына әсер етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғ. ең бір өзекті мәселелерінің біріне, әуелі дертке айналып отыр. Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі, бұл — дәстүрлі емес діни қозғалыстардың қызметтерін ретке келтіру. Себебі, олардың әрекеттері қоғамда жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелеріндегі сотталғандардың арасында кереғар көзқарастар туғызып келеді.

Бұл мәселе қылмыстық-атқару жүйесінде де көрініс тауып отыр. Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру аясында сотталғандармен тәрбиелік жұмысты жетілдіру бағытында жалпыға бірдей стандарттарға сәйкес мерзімін өтеу  және діни қажеттілігін қанағаттандыру.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту семнар-тренингі» алғаш рет өткізіліп отырған Ішкі істер министрлігінің, әсіресе осы салада, нақты тапсырмаларын жүзеге асыруы болып табылады. Оқыту семинар-тренингінің негізгі міндеті: діни экстремистік және террористік идеологияларды ұстанушыларды, оның ішінде діни экстремизм мен терроризм үшін жазасын өтеп жүрген адамдарды радикалды көзқарастарынан арылту, дұрыс жолға түскендерді алдын алу жұмыстарына тарту, арнайы контингент қайта радикализациялау мүмкіндігін кешенді тексеру, оларды экстремизм және терроризм идеологиясынан алшақтату және оларға қарсы иммунитет қалыптастыру. Деструктивті діни ағымдарды жақтаушыларға экстремизм және терроризммен байланысты баптар бойынша сотталғандарды, олардың отбасыларымен дәлме-дәл және атаулы оңалту жұмыстарын жетілдіру.

Осындай, болашағы бар әр семинар қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін талқылауды көздейді. Семинарға қатысушылардың ұсынылған баяндамаларын жан-жақты және терең талқылау осы бағыттағы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысын жетілдірілу мен өзара ынтымақтастықтың негізі бола алады» — деді.  Академия бастығының құттықтауу сөзінен кейін семинарға қатысушылар өздерінің жасаған баяндамаларын оқып, көпшілікпен талқыға салды.

Бас қосушылар семинар аясында екі күн бойы ҚАЖ қызметкерлеріне прокуратура, ішкі істер министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдары мен ресми дін өкілдері баяндамаларын оқиды.

Пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері аталған саладағы өзекті мәселелерді талқылап, сотталғандармен теологиялық сауаттандыру жұмыстары жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды зерделейді, сондай-ақ практикалық сабақтарда алған тәжірибелерін қолданады.

Жалпы семинар туралы қорытынды ақпаратты сайтымыздың алдыңғы нөмірлерінен оқи аласыздар.

Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов