Академия басшылығының 2 курс курсанттарының оқу-танымдық тәжірибесі  бойынша кездесуі өткізілді

2018 жылдың 26 маусымында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында Академия басшылығының күндізгі оқыту факультетінің 2 курс жеке құрамымен кездесуі өтті. Аталмыш кездесуге Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев, заң институтының бастығы полиция полковнигі А. Брылевский және Академия бастығы көмекшісінің міндетін атқарушы А. Күсеубаев қатысты.

Биылғы жылы 2 курс курсанттары тек қана емтихан тапсырып қана қоймай, сонымен қатар 2018 жылдың 2 шілдесінен 29 шілдесі аралығында тұрғылықты мекен-жайлары бойынша Қазақстанның әр аумақтарындағы ІІД, ҚАЖД-де оқу-танымдық тәжірибесін өтеді. Академия басшылығы күндізгі оқыту факультетінің курсанттары үшін білімдерін тереңдету және нығайту, тәжірибелік қызметке қажетті кәсіби білімдерін қалыптастыру мен дамыту мақсатында өткізілетін оқу-танымдық тәжірибесінің маңыздылығын, сондай-ақ танысу тәжірибесіндегі курсанттардың негізгі міндеттері мен мақсаттарын атап өтті. Кездесу барысында жазғы емтихан қорытындылары бойынша Күндізгі оқыту факультетінің бастығы Г. Кульжанова қатысты.

Тәжірибеге тікелей басшылық жасайтын кафедралар, яғни ӘҚжӘҚ және ҚҚАҚжК кафедрасы тәжірибе өтетін курсанттарды шақыра отырып, нұсқаулық жиындарын өткізгенін баяндады. Жалпы, кездесу барысында оқу-танымдық тәжірибенің  бағдарламасы жарияланды, курсанттардың негізгі міндеттемелері анықталып, тәжірибенің басқа да тиімділігі үшін  маңызы бар ұйымдастырушылық сұрақтар шешілді, оқу-танымдық тәжірибесі және жазғы демалыс кезінде курсанттардың әскери-қызметтік тәртіпті сақтау ережелері, нысанды киім үлгісін бұзбау жайлы ескертілді.

Кездесу соңында Академия басшылығы 2 курс курсанттарына тәжірибеден сәтті өтіп, жазғы демалыста жақсы демалып қайтуларына тілек білдірді.



 

Академия баспасөз қызметінің мүшесі

2 курс курсанты,

полиция қатарындағы

Э. Канатчина