Еңбекті елеген ел жақсы

17 маусымда Қостанай қаласындағы Тобылдың жағасында орналасқан «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» саябағында татар-башқұрт халқының ежелден келе жатқан ұлы мерекесі – «Сабантой» аталып өтті. Академияның 302 және 308 оқу топтарының курсанттары демалыс күні осы іс-шараға барып мерекені тамашалады. «Сабантой» — татар тілінен аударғанда «жер өңдеу тойы» деген ұғымды білдіреді екен, мейрамның тарихына қысқаша үңіліп, егіс науқанымыз көп болсын деп ырымдаған халықтың ақ армандарын ортақтасып бөлістік. Мейрамды шын жүректен тілектер айтып тойласаң, күзде егін мол болады деген ырым бар.  Мерекеде ән шырқалып, би биленіп, спорт түрінен жарыстар өткізілді. Мерекеге қатысушылардың барлығы елімізге тыныштық, молшылық тіледі. Сонымен қатар, мереке ән мен жырға толы болды. Мереке барысында өткізілген түрлі іс-шараларға біздің академияның курсанттары да қатысып белсенділік танытты.

Белдесуге курсанттар Ошақбай Айбар, Күдірбек Болат, Серік Абылайнұр қатысып, алғашқы екеуі 1 және 2 орындарды бөлісіп алды. Барша жұрт диқандардың еңбектерін елеп жақсылық, мошылық тілеп жатты.

Халықтың «Еңбекті елеген ел жақсы» деген ақиқатының тағы бір куәгері болып, бой сергітіп, демалып қайттық.

 

302 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

 

308 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева