СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының «6М030300 – Құқық қорғау қызметі»  мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық магистратураның 2016 жылғы қабылданған магистранттары, 2018 жылғы      16 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясын тәмамдады.

Қорытынды аттестацияны 18 магистрант жақсы тапсырды, магистрлік диссертацияны «Өте жақсы», «Жақсы» деген бағаларға қорғады және            18 магистрантқа  «Заң ғылымдарының магистрі» дәрежесі беріліп, мемлекеттік үлгідегі диплом табыс етілді. Дипломды табыстау барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі А.Ж. Нурушев магистранттарды соңғы қоңырау салтанатымен құттықтап, жаңа өмірлеріңе ақ жол, сәт-сапар тіледі.

Магистранттар Академия басшыларына, Академияның жеке құрамына алғыстарын білдірді.

 

Магистратураның оқытушы-әдіскері

полиция майоры  М.Ш. Ғалиева