1 курс магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмысы басталды

Жоғары оқу орныннан кейінгі білім беру институты магистратурасында білім алып жатқан 1 курс магистранттарының академиялық жоспарға, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (1-бөлім. Магистратура) сәйкес магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы өткізіліп жатыр.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы  магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуін, ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуін, ғылыми жаңалықты және практикалық маңызды қамтамасыз етуді,  ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындауды көздейді.

Зерттеу тақырыптарына сәйкес магистранттар Академияның зерттеу орталығына, кафедраларға бөлініп жіберілді. Магистранттарға білікті оқытушылар қатарынан тәлімгерлер бекітілді.

Осылайша магистранттарымыз қазіргі ақпарат технологияларын қолдана отырып ғылыми нәтижелерді саралау, оларды ғылыми зерттеулерімен салыстыру, библиографиялық жұмыстарды жүргізумен айналысуда.



Магистратура