ӘҚ және ӘҚ кафедрасы оқу дала лагерінде

2018 жылдың мамыр айының 28-нен маусым айының 16-шы күндер аралығына жоспарланған оқу дала лагерінде Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 – курс курсанттарына , үш апта бойы тактикалық сабақтар өткізіліп жатыр.

Сабақтарды өткізуге академияның біршама профессорлық-оқытушы  құрамы  ат салысып жатыр. Солардың бірі әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары полиция капитаны М.А.Жұмашев  және полиция майоры А.Сагалиева  олар курсанттарға әкімшілік хаттама толтыруды, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды  жауапкершілікке тартуын, олармен қалай жұмыс жүргізуді үйретіп жатыр.

Сабақ өту барысынан бері сөз қозғасақ, жалпы 4 күнге созылған оқу 8 этаптан тұрды. Алғашқы күндері лагердің ерлер жатақханасының 1 – ші қабатында әр бөлмеде әкімшілік құқықбұзушылықтың әр түрлі жағдайлардың біршама көріністері қойылды.  Келесі күндері жол ережелерін сақтамай құқықбұзушылық жасаған адамдардың көріністері қойылып әр бір оқиғалар тапсырма , есеп жөнінде талқыланып орындалды.

Курсанттар осы оқу лагерінде теориялық-практикалық білімдерін жоғарғы денгейде көрсетіп келешек қызметтерінде колдануға тырасады.






3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан