Астана қаласындағы «Жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің Республикалық слеты»

Ағымдағы айдың 7-8 жұлдызында Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» және ІІО қызметкерлерінің имиджін арттыру бағдарламасы аясында, Астана қаласында «Жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің Республикалық слеты» өтті. Республикалық іс-шараның бірінші күні қызмет бабында қаза тапқан ІІО қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталып, ІІМ мұражайын аралап, танысумен жалғасын тапты. Мұражайда ІІО-ның өшпес тарихы, соған қатысты маңызды мәліметтер беретін заттар көрсетілді. Соның ішінде Академиямызға аты берілген генерал-лейтенант Ш.Қабылбаев атамыздың атаулы тапаншасы мен орден-медальдары және парадтық киімі қойылған.

Республикалық іс-шараның келесі сатысы жас қызметкерлермен олардың тәлімгерлерінің баяндамалары тыңдалған пленарлық отырысқа ұласты. Отырысқа ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Болсамбеков Өмірзақ Қоспанұлы ашты. Сондай-ақ «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» төрағасы Байгенжин Абай Қабатайұлы, ҚР сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет Агенттігі Департаментінің Астана қаласы бойынша бастығы Қаскин Тлеген Төлегенұлы  және де 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, «Astana Arlans» клубының директоры Артаев Бахтияр Қарипуллаұлы қатысып, сөз сөйледі. Барлық қатысушыларға және қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды.

Келесі күні Республикалық слетке қатысушыларға сертификаттар табысталып, Астана қаласының көрнекті жерлерін аралаумен аяқталды. Аталмыш слет өте жоғары деңгейде өтіп қана қоймай, Республикалық іс-шараға қатысушылар тәрбиелік мәні зор мәліметтерді бойларына сіңірді.

Жалпы осы  Республикалық іс-шарадан кейін түйетін қорытынды, ІІО-ның әрбір  қызметкері өз мамандығының маңыздылығын ескере  отырып, халық мүддесі үшін аянбай қызмет етуге міндетті.

Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы

полиция майоры   Р.Аужанов