«Үздік аудармашы» сайысы

Қазақ ССР Ішкі істер министрі, ішкі қызмет генерал-майоры Қабылбаев Шырақбек Қабылбайұлының 110 жылдығына және Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласының 20 жылдығына орай күндізгі оқыту факультетінің 1-курс курсанттары арасында «Үздік аудармашы» сайысын тілдер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Е. Деріпсалдин, аға оқытушысы полиция майоры Л. Кинжебаева, оқытушысы Ж. Чиканаев ұйымдастырып, өткізді.

Сайыстың негізгі мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін терең меңгеруге бағытталған Академия курсанттарының зияткерлік және жеке басын дамыту.

Бұл шараға курстан іріктелініп алынған 12 курсант қатысып, өз біліктіліктері мен қабілеттерін сынап көрді.

Сайыс екі түрлі тапсырманы орындаудан тұрды. Бірінші турда қатысушылар орыс тіліндегі мәтінді қазақ және ағылшын тілдеріне жазбаша түрде аударды. Ал екінші турда сайысқа қатысушыларорыс тіліндегі заң терминдерін қазақ және ағылшын тілдеріне аударуға арналған тест тапсырмаларын орындады.





Әділ қазылардың шешімі бойынша 107-оқу тобының курсанты Талғатқызы Диана өзінің үш тілдегі терең білімімен бірінші орын алып, бірінші дәрежелі грамотаға ие болды.101-оқу тобының курсанты Қажығалиева Диана екінші дәрежелі грамотамен, ал 105-оқу тобының курсанты Жалғасұлы Ғасыр үшінші дәрежелі грамотамен марапатталды.

Сайыстың жеңімпаздары мен қатысушыларынқұттықтай отырып,әрдайым сайыстарда ғана емес, нақты оқу барысында да жоғары білімдерін көрсетіп, белсенділік танытып, «Тілдердің үштұғырлығын»дамытуға атсалысады деп сенеміз.



Тілдер кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі Е. Деріпсалдин

Тілдер кафедрасының ағаоқытушысы

полиция майоры  Л. Кинжебаева