31-ші мамыр

31-ші мамыр – бұл күн 1930-шы жылдары халқымыздың 80%-ын аштық жалмаған кезеңді еске түсірер мұңлы күн деп айтсақ қателеспейміз. Халқымыз сол жылдары адам көргісіз қиыншылықтармен аштықты бастан кешіргендерін өскелең жас ұрпақпен халқымыз жадынан шығармауы керек. Осыған орай Академия басшылығынң бастамасымен  курсанттарымызға да сол жылдардағы оқиғалармен қазақ елінің бастан өткерген күндері жайлы деректі фильмдер ұсынылды.

1-ші маусым күні 2 курс курсанттары жатақхананың 1-ші 2-ші қабаттарында орналасқан теледидардан аталған деректі фильмді тамашалады. Деректі фильмде көрсетілген қиыншылық кезеңдер жайлы 2 курс бастығының орынбасары полиция капитаны Д. Майшин курсанттарға түсіндіріп, қазақ халқы қаншама ұлы тұлғалардан айырылғандығы жайлы жеткізді.

Сол кездегі халқымыздың басына түскен аштықпен үлкен бейнетті қазіргі жастар естен шығарған. Сондықтан да осындай деректі фильмдер жиі көрсетіліп, жастар санасына құйылғаны дұрыс.

Академия курсанттар баспасөз қызметі