3 курс курсанттары оқу-жаттығу дала жиынында

Ағымдағы жылдың 26 мамырынан бастап маусымның 16 – на дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы күндізгі оқыту факультетінің  3  курс курсанттарының тактикалық оқу сабақтары басталған болатын.

Қазіргі уақытта осы 3 – курс курсанттары 3 кезеңге бөлініп қаладан 30 шақырымдай қашықтықта орналасқан оқу дала лагерьіне барып, сол жақта апта бойы тактикалық сабақтардан білім алуда. Алғашқы кезек 301,302,303 және 311, 314 – ші оқу топтарынан құралып, курс бастығының орынбасары полиция капитаны Қадіров Қайрат Серікұлының жауапкершілігінде ойдағыдай өтіп жатыр.

— Оқу дала жиынында бос уақыт өте аз, бірақ соған қарамастан ауа – райының  ашылған сәтінде курсанттармен әр түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып жатыр, ас ішу жағынан ешқандай мәселелер жоқ, қыз балалар ас дайындау жағын өз мойындарына алған, азық түлік жеткілікті және дала жиынында курсанттар тәуліктік кезекшілікті өз деңгейінде ілестіруде, қарауылдау барысында жоғарғы қырағылықты танытуда  деп хабарлайды  оқу жаттығу даласында жүрген ұялы байланыс желісі арқылы жауапты офицерлер.

 










3 – курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан