Ғылыми тағылымдама жалғасын табуда

2018 жылдың 28 мамыры күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  Қостанай мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттары әділет аға лейтенанты Б. Романов, полиция капитаны А.Асабаева және әділет капитаны Н.Мырзазияев  тәжірибеден өту барысында   А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетінің  1 курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу кезінде магистранттарымыз өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп студенттерге ішкі істер органдарының қызметі  туралы, оның ерекшеліктері жайлы мәлімет беріп тәжірибелерімен алмасты. ҚМУ студенттері өз кезегінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жауаптарын алды.


p style=»text-align: justify;»>Осылайша магистранттарымыз алған теориялық білімдерін одан әрі тереңдетіп,бекітуде. Магистрлік диссертацияда қолдану үшін тәжірибелік материалдарды жинау, жүйелеу және қорытындылау барысында.

Магистратура