ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ТӘРБИЕЛЕУ


Жастар арасында патриотизм сезімін тәрбиелеу үшін 2018 жылдың 27 мамыры күні 2 курстың 213-214 оқу топтарының кураторы полиция капитаны Ә.Наурзбаева курсанттарымен бірге Қостанай қаласының Жеңіс Паркіне экскурсияға барды.
Осыған дейін Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Р.Аужанов және тәрбие бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген Қостанай облысының ардагерлерімен кездесуге қатысты. Осындай айтулы іс-шараның жалғасы ретінде полиция капитаны Ә.Наурзбаева 213-214 оқу топтарымен Жеңіс Паркіне курсанттардың Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіске жетуге септігін тигізген әскери техникалармен танысуға мүмкіндік туды және курсанттардың бойында патриоттық сезімін тудыру мақсатында алапат соғыста шейіт болған майдангерлердің рухына тағзым етілді.

Экскурсия барысында курсанттар Ұлы Отан соғысының экспонаттарын мұқият зерттеді. Әсіресе, курсанттарға соғыс жылдарындағы танктерге қызығушылық танытты.
1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді.

Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолдарына қару алып, туған жерін қорғау үшін ұрыстарға қатысты. Бұл қасиетті Ұлы Отан соғысында Қазақстандық әрбір отбасы өз жақын туыстарынан айырылды.

Жеңіс паркіндегі тақырыптық экскурсия курсанттардың көңілінен шықты, осындай тақырыптық тур ұйымдастырылғаны үшін курсанттар алғыстарын білдірді. Осындай тақырыптағы іс-шаралар жастардың санасында Ұлы Отан соғысының қиыншылығы мен тауқыметтін, Ұлы женістің қандай бағамен келгендігін қалыптастырады.

213, 214 топтардың кураторы

полиция капитаны А.Наурзбаева