Қазақстан Республикасының қылмыстық-іс жүргізу заңнамасын жетілдірудің болашағы

2018 жылғы 25 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының 7- міндетін іске асыру шеңберінде өткізілген қылмыстарды сотқа дейінгі тергеу кафедрасының 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Ғылыми- тәжірибелік конференциясы жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығымен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Сондай-ақ конференцияға қатысқандар: Есеналиевич Талғат Сарсенбаев — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор, Сотқа дейінгі қылмысты тергеу кафедрасының бірінші басшысы. Иванович Василий Олейник — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Фракция «Нұр Отан» партиясының мүшесі және Қазақстан Республикасының тағы да басқа қоғамдық, ғылыми қызметкерлері қатысты.

Дәл сондай Ресей Федерациясының қонақтары да қатысты:

О.А. Зайцев — Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңнама бөлімінің бас ғылыми қызметкері.

А.М. Баранов – Ресей ІІМ Омск академиясының қылмыстық іс жүргізу кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор.

И.А. Кравцов – Ресей ІІМ Воронеж институтының қылмыстық құқық және қылмысты зерттеу кафедрасы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі.

М.В. Лелетова — Ресей ІІМ Нижний Новгород академиясының алдын ала тергеу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясынан Ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Булатовна Альфия Айтуарова қатысты.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының қылмыстық іс жүргізу заңнамасының сұрақтарын жекелеген институттарының құқық қолдану практикасында жұмыс істеуінің проблемалық кезеңдерін қарастырды.


Конференция қортындысы бойынша жинақ шығарылды.

Ғылыми-зерттеу орталығының бастығы

полиция полковнигі

А. Айтуарова