Желаяқтар жарысы

2018 жылдың 20 мамыр күні Қазақстан Республикасы  ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт алаңында 1-3 курстың 1-бөлімше командирлері арасында 800 метр қашықтыққа жүгіруден жарыс өтті. Бұл іс-шара командирлердің спорттық деңгейін анықтау мақсатында өткізілді. Командирлер сайыста топ жару үшін бар күштерін салды.

Қатысушылар арасында желмен жарысқан желаяқ 3 курс курсанты Б.  Болатов 1-ші орынды жеңіп алды. Ал Д.  Калмурзин  2-орынды иеленді. 3 орынды  1 курс курсанты Б. Жанбуршинов қанағат тұтты.

Әр курстың курсанттары өз курсанттарына қолдау білдіріп, демеп отырды. Сайыс көрермендердің көңілінен шықты. Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосқан 1 курс бастығының орынбасары полиция капитаны А.М. Примкулов мырзаға курсанттар мен қатысушылар өз алғыстарын айтты.

Осындай жарысқа қатысып, бойларын шыңдай білген курсанттар жарыстан жақсы көңіл күймен қайтты.



Академия курсанттар баспасөз қызметінің мүшесі

 1 курс курсанты

Нақыпбеков С.Н