Құпия тәртіп сабағынан Олимпиада

2018 жылдың 17 мамырында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Жедел-іздестіру қызметінің кафедра басшылығының ұйымдастыруымен 1 курс курсанттарының арасында Құпия тәртіп сабағы бойынша Астанамыздың 20 жылдығына орай олимпиада өткізілді.

Олимпиада адал әрі шынайы болуы үшін төрағалық етуге Академиямыздың 1 курс магистраны әділет капитаны Мырзазияев Н., әділет аға лейтенанты Романов Б., әділет аға лейтенанты Жұмағалиев Н. шақырылды.

Курсанттар өз деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсете білді және сұрақтарға тез әрі толық жауап берді. «Арыстанды арыстандай жігіт жеңеді»-демекші, курсанттар арасынан осы уақытқа дейінгі өткізілген тақырыптарды жетік білетінін жеңімпаз бен жүлдегерлер дәлелдеді.

Олимпиада бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлердің тоқырытындысы:

I орын – Балабаева Н. (108 оқу тобының курсанты);

II орын – Талғатқызы Д. (107 оқу тобының курсанты);

Байбусинова А. (101 оқу тобының курсанты);

III орын – Ержанов Ш. (102 оқу тобының курсанты);

                      Сәткешова Б. (104 оқу тобының курсанты);

                       Нуртазин М. (105 оқу тобының курсанты);

                      Агжанова С. (114 оқу тобының курсанты);

                       Уалигазинов Б.(106 оқу тобының курсанты).

            Жедел-іздестіру қызметінің кафедра басшылығы шын жүректен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтайды.

Алдағы уақытта өткен тақырыптар курсанттардың тәжірибе жүзінде қолдануға көмегін тигізеді деп үміттенеміз.

 

 

Жедел-іздестіру кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

Пьянников Владимир Игоревич