«ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛЕР» 

Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлық пен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрамы.

7 мамыр күні 213, 214 және 310 топтармен Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның ең басты мақсаты курсанттарға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу, оларға патриоттық тәрбие беру. Курсантарды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой — өрісін дамыту. Курсанттарды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Іс-шараның барысында курсанттар «Казахстанцы – Герои Советского Союза,  Серебряные крылья Победы» атты деректі фильмді көрді.

Соғыс — атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы — қасіретке толы қаралы сөз. Осыдан 73 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Бұл соғысқа 61мемлекет жан жақтан атсалысты.Р Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б. Момышұлы, Ә. Молдағұлова, М. Маметова, Т. Бигелдинов, М. Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қәзіргі тату өмірімізге бейбіт заманымызға қуанышты күнімізге жеттік.Қазіргі таңда батырларымыздың ерлігіне орай шаралар өтуде,тіпті есімдеріне байланысты көшелер,кітап- жинақтар,ауыл атаулары берілді. Батырларымыз болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан етті,Жеңіс үшін не істемеді десеңші? Сол себепті батыр ата-әжелеріміздің ерлігін ұмытпай,жадымызда мәңгі сақтайық! Осындай сөздерімен топ кураторларыполиция капитаны А.Наурзбаева және полиция аға лейтенанты Қ.Мырзахмет іс-шараны аяқталды.






Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының кураторлары