Қостанай академиясында жас ғалымдардың халықаралық конференциясы басталды

Бүгін 2018 жылғы 11 мамыр күні Қазақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақ КСР ішкі істер Министрі генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың 110 жылдығына және Астананың 20 жылдығына арналған «Ғылым жастар көзімен» атты курсанттар мен студенттердің халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы басталды.

Конференция жұмысына еліміздің түкпір-түкпіріндегі ведомстовалық және жоғары оқу орындарының және көршілес Ресей, Беларусь елінің  келген ғалым курсанттары мен студенттері қатысуда.

Конференцияның пленарлық жұмысының ашылу салтанатында Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі. Бастықтан кейін сөз алған Академия бастығының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары полиция полковнигі Сергей Бачурин жас ғалымдарды конференция жұмысына қатысуларымен құттықтай отырып, еліміздің және Ресей, Беларусь ғалымдарына алғысын білдірді.

Конференция жұмысында келесі бағыттар бойынша жас ғалымдар ;

  • «Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық дамудың, азаматтық және еңбек заңнамаларының теориялары мен тәжірибелерінің өзекті мәселелері»,
  • «Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығын жетілдіру мәселелері және үрдістері»,
  • «Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасы новеллаларының негізгі аспектілері»,
  • «Құқық қорғау органдарының жедел іздестіру қызметін жетілдіру мәселелері»,
  • «Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік заңнамасының өзекті мәселелері»,
  • «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің психологиялық-педагогикалық және әскери дайындығы»,
  • «Бес институционалдық реформаларды іске асыру аясында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері» туралы  ғылыми еңбектерін ортаға салды.

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының редакциялық басқаруымен бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция генерал-майоры М.А.Қызыловтың жалпы редакциялауымен конференция материалдарының жинағы дайындалды.

Жинаққа К. Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттерінің, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті студенттерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты курсанттарының, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанттарының, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты курсанттарының, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті студенттерінің, Беларусь Республикасы ІІМ Академиясы  курсанттарының, Ресей ЖОФҚ Академиясы (Рязань қ.) курсанттарының, Ресей ІІМ Барнаул заң институты курсанттарының, Ресей ЖОФҚ Воронеж институты курсантарының, Ресей ІІМ Краснодар университеті курсантарының, Ресей ЖОФҚ Кузбасс институты курсанттарының, Ресей ІІМ Омбы академиясы курсанттарының, Ресей ЖОФҚ Пермь институты курсантарының, Ресей ЖОФҚ Академиясының Псков филиалы курсанттарының, Ресей ЖОФҚ Самара заң институты курсантарының, Ресей ІІМ Сібір заң институты (Красноярск қ.) курсанттарының, Ресей ІІМ Санкт-Петербор университеті курсанттарының, ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы курсанттарының 154 ғылыми мақалалары енгізілді.

Концеренция қорытындысы кешкі сағат 17.00-де белгілі болады. Құрметті оқырмандар жалпы концеренцияның қорытындысы жайлы мақаланы сайтымыздың ертеңгі шығарылымынан толықтай оқи аласыздар.










Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов