Курсанттар «Отан қорғаушылар күні» мейрамына арналған салтанатты шеруді тамашалады

7-ші мамыр «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне жыл сайын елордамыз Астана қаласында салтанатты әскери шеру өтеді. Әскери шеруге еліміздің барлық қарулы күштері қатысып, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев салтанатты шеруді ашады.

Осындай айтулы мейрамда өткізілетін әскери шеруді 2 курс курсанттары өздерінің жатақханаларында теледидардан тамашалады. Басты мақсат курсанттардың патриоттық сезімдерін көтеру және еліміздің қарулы күштерінің барлық мүмкіндіктерін тамашалау.

Курсанттарымыз жатақханадағы 2-ші және 3-ші қабатта орналасқан теледидардан салтанатты шеруді  тамашалап, 2 курс бастығының орынбасары полиция аға лейтенанты Қ. Ақылбеков соңында курсанттармен шеруді талқылап, шерудің кейбір мән-жайларының басын ашып, айтып берді. Курсанттар болашақта өздеріде осы шеруге қатысқылары келетіндіктерін жасырмады.


Академия курсанттар баспасөз қызметі