Ұлы жеңіс күні тойланды

Отан – біз үшін өте ыстық әрі өте қымбат болған тұрақты мекен. Осындай азаттығы мен татулығы, бірлігі жарасқан мекенде өмір сүріп жатқан біз қандай бақытты ұрпақпыз десеңізші. Бұлай шалқып өмір – сүріп жатқанымыз, кешегі 1941 – 1945 жылдардағы «Ұлы Отан соғысында» біз үшін қаза тапқан ата – әжелеріміздің арқасы.

Бүгін міне сол аталарымызға шексіз алғыс айтып, 73 – рет қатарынан оларды еске алудамыз. 9 – мамыр «Ұлы Отан соғысының жеңісі және  ардагерлері» күні болып күнтізбе де ерекше орын алып тұр. Осы күні Қостанай қаласының орталығында орналасқан облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық алаңда және «Жеңіс паркінде» Ұлы Отан соғысының 73 – жылдығын тойлауға байланысты өте үлкен мерекелік іс – шаралар өтті.

Осынау іс – шараның тыныш әрі еркін өтуіне ат салысу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 – курс курсанттары тарапынан 150 курсант қатысты.    Салтанатты шеру қала орталығынан бастау алып саябаққа  дейін жаяу жүріп келді. Көше адамдарға лық толып, аяқ қояр орын болмады. Облыс әкімі бастаған қаланың лауазымды  тұлғалары және  қала тұрғындары  «Жеңіс» саябағына ішіне кіріп Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне және қаза тапқандарға арналған мемориалға келіп гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Түске дейін созылған іс – шарада көптеген концерттік қойылымдар қойылып, келген жұртқа тегін ас таратылды.  Біршама қызмет және өнер көрсетіп жүргендер сол кездегі әскери киім үлгісін киініп, келген Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін, сондай – ақ халықты ерекше бір сезімге бөледі.

Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері біздің жадымызда мәңгі қалмақ. Біз келешек ұрпақ үшін қан төккен ата – бабаларымызды бүгінде  жас төгіп еске аламыз, шексіз алғыс жаудырамыз.














 3 –курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан