Арулар тарапынан тарту етілген мерекелік концерт

7 – мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы күштері күні ретінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл қазақ ер жігіттері күні ретінде де халық санасында қалыптасып кеткен ұғым. Бұл күн шынында біз секілді қазақ ер жігіттеріне өте ыстық әрі қуанышты күн. Расымен де әйел адамдар 8 – наурыз халқаралық әйелдер күнін қалай асыға күтсе, біз де олардан кенде қалар емеспіз.

Осынау ұлы мерекені тойлауға байланысты 7 – мамыр күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 – курс курсант қыздары концерттік қойылымдар қойды. Әуелі курс бастығы полиция подполковнигі  Кусеубаев Азамат Браліұлы курсанттарды мерекемен құттықтап, алдағы уақыттағы күндерге сәттілік тілеп, ыстық лебізін білдірді. Мерекелік концерт басталып қызықты бейнероликтер көрсетілді, артынан заманауи билер биленіп керемет рухты әндер шырқалды. Әр оқу тобының арулары өз топтарының ер балаларына арнап әр түрлі сахыналық көрсетілімдер қойды.

Арулар тек мұнымен шетеліп қана қоймай, мерекелік дастархандар жайып, өз қолдарымен жасаған дәмді тағамдары мен  тәттілерін тарту етті. 3- курс басшылығы және курсанттары  бүкіл академия жұртын  аталмыш мерекемен шын жүректен құттықтайды.


 3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан