«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран»

                                    «Отан үшін отқа түс күймейсің» Б. Момышұлы

Ағымдағы жылдың 4  мамырында кітапхананың оқу залында «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» атты (Отан қорғаушылар мен ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған)  кітап көрмесі ұйымдастырылып, курсанттарға көрмедегі мол деректер бойынша мәліметтер берілді.

Көрмеге Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақ Халық қаһарманы -Рахымжан Қошқарбаев, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған — Бауыржан Момышұлы, Кеңес Одағының екі дүркін батыры — Талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров, партизан жазушы — Қасым Қайсенов, Шығыстың қос шынары — Мәншүк Мәметова мен  Әлия Молдағұлова, «Ұлы Отан соғысы: Қазақтан қанша батыр шықты», «Қостанайлық Кеңес Одағының батырлары» және «Соғыстың соңғы нүктесі» атты маңызды, тарихи деректер, «Олар жеңіспен оралды», «Они вернулись с победой!», Көпішев Қ «Қаһармандар», Шәріпов Қ. «Біз -панфиловшылармыз», Бекішев Х. «Батальон алға!», Илайков Т., Николаева С. «Алыстағы соғыстың жаңғырығы…» және тағы да басқа көркем әдебиеттер қойылды.

Көрменің мақсаты — аға ұрпақтың  ерліктерін насихаттау, курсанттарды патриотизмге баулу.






Библиограф  Р. Нұрханова