«Мелодии моего Казахстана» мерекесіне 102 тобы қатысты

Мамыр айының алғашқы мейрамы – Халықтар достығы мерекесіне арналған Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет үйінде өткен  «Мелодии моего Казахстана» фистивальін көруге 1 курстың 102 оқу тобы барды. Аталған шара Қостанай қалалық  мәдениет басқармасымен ұйымдастырылып, облыстың барлық аудандарынан танымал тұлғалар да, жас өнерпаздар да  қатысты.

Фистиваль бірнеше ұлттар мен халықтар арасында әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнау өнерінен өтті. Сайыс барысында ағаш қасықтан бастап, скрипка, қобыз, саксофон  сияқты аспаптардың керемет әуенін шарықтатумен жалғасты. Ерекше есте қалған кәріс халқының барабандарда ойнауы ерекше көңілде қалды. Сондай-ақ, түрлі мәнерде әндер шырқалып, көрермендерді таң қалдырды.

Осындай қызықты фистиваль көріп курсанттар мәз-мейрам болып қайтты. Керемет қойылымның куәсі болуға мүмкіндік жасаған Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы басшылық құрамға 102 оқу тобы алғыстарын білдірді.





ҚПжК кафедрасының оқытушысы,

102 взвод кураторы полиция майоры Нурмағанбетова Ж.К.