Отан қорғаушылар мерекесі

Халқымызда «Ер — елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсетуіміз тиіс. Осы мерекеге орай 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі күні қарсаңында 2 курс 203 оқу тобының қыздары топ жетекшісі мен курсант-ұлдарды құттықтау мақсатында арнайы дастархан жайып жылы лебіздерін білдірді. Жалпы бір топ ретінде бірігіп, бір дастархан басында ашылып әңгімелесудің өзі топ арасындағы ұйымшылдықты арттырып, курсанттардың арасында жақсы қарым-қатынас орнауына септігін тигізеді. Мерекелік дастархан басында әрбір курсант өз ойын білдіріп, осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп жатты. Топ жетекшісі курсанттарға әрдайым ұйымшыл, ынтымағы жарасқан, сондай-ақ басқа топтар үшін үлгі болатындай ерекше топ болулары керек екенін айтты. Осы айрықша маңызға ие мерекеге орай жайылған майлы дастархан басында ер-азаматтарымзға зор денсаулық, еңбектеріне табыс, жүздеріне қуаныш, бақыт, еліміздің қалаулы да елеулі  азаматтары болуларына тілектес бола отырып отырып шын жүректен сыйлықтар табыс етілді. Құттықтау соңы жалпы топ болып естелік суретке түсумен аяқталды.

2 курс баспасөз қызметі

полиция қатарындағы Э. Канатчина