Көңілге қонымды сейілдеме

1 мамыр-бұрыңғы уақытта еңбек күні болса,қазіргі таңда халықаралық бірлік мейрамы ретінде тойланады.Қазақ елінде 150-ден астам ұлт өкілдері бір шаңырақтын астында тату-тәтті өмір сүруде.Әрине,бұл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың аз уақыт ішінде жүргізген сындарлы саясатының жемісі деп білемін.

Осы мерекеге орай,Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 103-топ курсантары қала орталығына сейілдемеге шықты.Сейілдеме барысында курсанттар қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасап, «Март» сауда орталығындағы «Арман» кинотеатрында «Тренер» атты фильмді тамашалады.Бұл фильм курсанттарға оң әсерін тигізді және өз алдына мақсат қойып,оған жетуге ұмтылыс сыйлады.

Айына бір рет болсын кино әлеміне ену арқылы күйзеліске түсу,зерігу,сағыну сезімдерінің мүмкіндіктерін төмнедетуге болады екен.Сондай-ақ үрейлі,комедия,боевик сынды жанрдағы фильмдер көру адам денсаулығына өзіндік пайдасын тигізеді.

Осы сейілдеме курсанттарға уақыттарының тиімді,әрі қызықты өтуіне мүмкіндік берді.

                             1 курс 103 жетекшісі полиция капитаны М.Қалқаманұлы