ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының пікірсайысшыларының жеңісі 05.05.2018 2018 жылы 28-29 сәуір аралығында ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы қабырғасында «Police team IDC« пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру-қылмыссыз қоғам кілті» атты «Police CUP IV» республикалық турнирі өтіп, Қостанай академиясының «Заң және тәртіп» дебат клубының пікірсайысшылары дәстүрлі турнирдің құрметті қонағы болды. Қазақстанның 5 аймағынан 40 фракцияның ішінде топ жарып , біздің пікірсайысшыларымыз жүлделі орындармен академиямызды қуантты. Негізгі лиганың 1 орын иегерлері атанған «Заң және тәртіп» фракциясының спикерлері : 3 курс курсанты Кайырбекова А., 1 курс курсанты Кусаинова А. Жастар лигасының 2 орын иегерлері атанған : 2 курс курсанттары Алнашов А. және Ахметов Д. «Намыс » фракциясы , «Үздік төреші» атағына ие болған 2 курс курсанты Қауендеров Е., «Үздік талпыныс» номинациясына 1 курс курсанттары Жұмағұл У . және Мақсұт Ә., «Көрермен көзайымы» 3 курс курсанты Бейсембай А. және Алғабай Е. марапатталды. ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының пікірсайысшыларын жеңістерімен құттықтап , алдағы уақытта жеңістерімен академиямызды қуантарларына сенеміз. Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының оқытушы полиция аға лейтенанты Шаймуханов Аян