Академияның 1 курс курсанттары мен Тәрбие жұмысы бөлімі  басшылығымен «Көкпар» ұлттық ойынға бару сейілдемесі

Қостанай академиясының 1 курс курсанттары мен курс бастығының орынбасары полиция аға лейтенанты М.Кабылдин тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Р.Аужанов Қазақтың ұлттық ойыны «Көкпарға» қатысты. Жарыс алдағы келе жатқан 7 мамыр Ер-азаматтардың мерекесіне арналған. Ұлттық ойын демекеші, депутат Бекболат Тілеухановтың басшылығымен «Көкпар» ұлттық ойынымыздың федерациясы Қырғыз елінен өз Отанымызға ауыстырып, туған өлкесіне әкелген болатынбыз. Қазақтың қанына сіңіп, жанымен бірдей дамитын, ер-азаматтың тұлпары дейміз, көлігі дейміз не десекте, жарасатын ұлттық ойынымыз өз өңірімізде дамып, атадан қалған асыл мұраның дамуына ұрпақтан ұрпаққа жетуіне, Академия басшылықтары да, облыс басшылықтарыда аса көңіл бөліп отыр. Қостанай облысындағы Арғымақ иппадромында өткізілген бұл жарысқа Қостанай обылыстық ІІД-ті құрамы, Рудный қаласы, Торғой облысы, Динамо спорт кешені, АРЛАН және тағы басқа облыс төңірегінен аттың құлағында ойнайтын қазақтың мен дейтін мықты жігіттері қатысты. Жоғарыда айтылып кеткендей, ДВД құрамына Академия 1курс курсанттарыда қатысты; олар 102 оқу тобының полиция қатарындағы кіші сержант Бекуыс пен полиция қатарындағы Сейтмаханбет болды. Жастайынан аттың құлағында ойнаған бұл ер-азаматтар өз өнерлерін көрсетті. «Арыстанды, арыстандай жігіт алады» демекші, жарысқа облыстың сен тұр мен атайын дейтін жігіттері жиналған, сол мықтылардың ішінен суырып ІІД-ті құрамы бас жүлдені қанжасына салып өңірге оралды.

Алған әсерімді сөзбен айту мүмкін емес. жылқы деген адамға жігер беретін, сенім ұялататын жануардың бірі емес пе! Ертеден бері ата-бабамызға қорған болып, шаруашылыққа көмегі тиген, керек кезде көлік бола білген бұл жануардың орнын ешқандай жануар баса алмайды. «Жақсылық жасасаң-жасыр, жақсылық көрсең- асыр» деп, ата-бабамыз тегін айтпасы анық, менде осы мақалды алға тарта отыра өз басшылықтарыма, Академия басшылығына сонымен қатар, осындай жарыстарды ұйымдастырушыларға 1 курс атынан және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшылығының атынан айтар алғыс мол. алдағы уақытта осындай шараларға, жарыстарға белсене қатысуға мүмкін  жасайтын ұйым басшылықтарына сенім зор.

1 курс басшысының орынбасары

полиция аға лейтенанты

Кабылдин М.О.

 

Курсанттар баспасөз қызметінің мүшесі,

полиция қатарындағы

Максетова Гүлнұр