Саябаққа серуен

Жексенбі – әрбір адам үшін асыға күтетін, еркін тыныға алатын бағалы да, қуанышты күн. Осындай жайма шуақ, ерекше күндердің бірінде2018 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Күндізгі оқыту факультетінің 2 курс 203 оқу тобы топ жетекшісі Е.Е. Қайнардың ұйымдастыруымен жексенбілік демалыс күнін жақсы әрі көңілді өткізу мақсатында серуендеуге шықты. Серуендеу барысы Қостанай қаласының «Март» сауда  орталығындағы «Арман» кинотеатрында «Правда или действие» атты 3D фильмді тамашалаумен басталды.Кино тамашалау адам баласының өміріндегі ерекші істердің бірі болып табылады, әрі адамзат баласына тәрбиелік маңызы жағынан берері өте көп. Сондықтан айына бір рет болсын кино әлеміне ену арқылы адам күйзеліске түсу, зерігу, сағыну сезімдерінің мүмкіндіктерін төмендете алады екен. Әсерлі кино аяқталысымен курсанттарымыз ауа райы ашық болғандықтан орталық саябаққа бет алды. Орталық саябақта курсанттар балалық шақтарын  еске түсіріп, аттракциондардағы қорқыныш сезімдерін қайта бастан кешіріп  бір сергіп қалды десек те болады.Курсанттардың қызықты өткен осы күні баршамызға ұнады, әсерлі де қызықты демалыс күнін өткіздік десек те артық емес.Себебі барлығымыз топ болып, ұжым болып жиналып, уақыт өткізгенімізге не жетсін. Жағымды әсер, қуанышты сезіммен оралған курсанттар демалыс күнінің есте қаларлықтай, ойдағыдай, әрі сәтті өткеніне өте қуанышты. Аталмыш өткізген демалыс күнінің де тәрбиелік маңызы бар. Ол, әрине,топ арасындағы қалыптасқан бірлік пен ұжымдық рухты одан әрі нығайту және дамыту.

                                                                           2 курс 203 топ жетекшісі

                                                                           полиция майоры

                                                                           Е.Е. Кайнар