Бірлігі мен татулығы жарасқан 3 – курс

1 – ші мамыр Қазақстан халықтарының ынтымақтастық күніне орай Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  3 – курс курсанттары арасында және курсаралық әртүрлі  спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Сәуірдің 29-ы күні курсаралық жеңіл атлетикадан жарыс өтті. 100, 200, 400 және 800 метрлік арақашықтыққа қыз және ұл балалар арасында эстафета бойынша өрбіді. Әуелі 100 метрлік арақашықтықта 3 – курс курсанттары 1 – ші болып келсе, 400 метрге 4 адамнан тұратын эстафета сайысында да 3 – курс курсанттары жеңіске жетті. Ал 200 метрлік арақашықтықта 2 – курс курсанттары жеңісті жұлып алды. 800 м арақашықтыққа жүгірген 1 – курс курсанттары бәрінен озық шықты. Жалпы есепте 3 – курс курсанттары жеңісті орыннан көрінді.

Сәуірдің 30 – ы күні академия алаңында 10 топтан 3 ұл, 1 қыз баладан шығып 100 метрлік эстафетаны жүгірді. Нәтижесінде 305 – оқу тобы жеңіске жетсе, олардан кішкене қалып қойған 301 – оқу тобы мәреге екінші болып келді. Ал үшінші  орынды 307 – топ курсанттары қанағат тұтты. Одан кейін арқан тартудан әр топтан 6 ер баладан шығып жеребе бойынша қарсылас атанды. Финалға 301,302,305 – топтар шығып, жүлдені өзара сарапқа салды. Нәтижесінде 301 – топ үшінші орынды алса, екінші орынға 305 – топ табан тіреді. Ал, жеңіске 302 – топ қол жеткізді.

Сайыстың екінші, яғни 1 – мамыр күні арқанға өрмелеу, кермеге тартыну және қоссырық (брусья) бойынша жеңімпаздар анықталды. Әуелі арқанға шығу бойынша үшінші орынды 302 – топ алса, екінші орынға 304 – оқу тобы табан тіреді. Ал, жеңіске 307 – топ курсанттары қол жеткізді. Келісі сайыс қоссырық бойынша өрбіді. Мұнда жеңісті 307 – топ жұлып алса, кермеге тартыну бойынша 310 – оқу тобы жеңіске жетті.

Татулығы мен бірлігі жарасқан 3 – курс курсанттары және курс басшылығы ұйымдасқан түрде осынау спорттық іс – шараны өткізе отырып, бүкіл Қазақстан халқының және академия жұртын бірлік, татулық, ынтымақтастық күнімен шын жүректен құттықтайды. Салауатты курсант – еліміздің берік діңгегі.










3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан